Live

Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкері өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

Фото: ашық дереккөз

21 сәуір күні Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан (ЖК "РАХАТ") ҰҚК қызметкерінің денесі табылды.

ҰҚК баспасөз қызметі полицияның сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Марқұмның ҰҚК сыртқы барлау қызметінде жоғары лауазымды қызмет атқарғаны туралы ақпарат бар. Ол өзіне-өзі қол жұмсады немесе биіктен құлаған болуы мүмкін.

Т. РАУШАНҰЛЫ