2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні
Қоғам

Қырғызстанда президент сайлауы өтетін күн белгілі болды

Қырғызстанда президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленді. Сайлау өтетін күнді Жогорку Кенеш бекітті.

Фото: ашық дереккөз

Президент Садыр Жапаров сайлаудың еркін әрі ашық өтуін қамтамасыз ету жөніндегі жарлыққа қол қойды.

Құжатта сайлауалды үгіт-насихатқа қатысуға тыйым салынған азаматтар санаты да көрсетілген. Олардың қатарында мұғалімдер, мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттер бар.

Сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру органдарының, медициналық мекемелердің және халыққа қызмет көрсететін басқа да мемлекеттік әрі муниципалдық ұйымдардың қызметкерлеріне үгіт жүргізуге рұқсат етілмейді.

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының алдын ала есебіне сәйкес, президент сайлауын өткізуге 1,2 миллиард сом жұмсалуы мүмкін. Бұл шамамен 6 миллиард теңгеге тең.

Сайт Әкімшілігі