Қоғам

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына ұсынылды.

Фото: из открытых источников

14 ақпанда Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өтіп, президенттікке кандидаттар ұсынылған.

«Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды», - делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Қазір ҰОК президеттігіне бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, ҰОК жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті Данияр Әбілғазин, боксшы, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұрынғы басшысы Серік Сәпиев, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы Ербол Мырзабосынов үміткер.

 

Сайт Әкімшілігі