спорт

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды

Қытайдың Шаосин қаласында эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы 22 маусым күні Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

17 маусымда басталған жарысқа Азияның тоғыз елінен 105 спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасы аралас 4×400 метрлік эстафетада 3 минут 16,75 секунд нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті.

Бұл сайыста Аделина Земс, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов және Мария Шувалова өнер көрсетті.

Күміс жүлдені Үндістан құрамасы иеленсе, үздік үштікті Қытай командасы түйіндеді.

Бұған дейін Қазақстанның әртістік жүзуден ұлттық құрамасының өкілдері Наргиза Болатова мен Виктор Друзин Канаданың Торонто қаласында өткен Әлем кубогының суперфиналында жүлдегерлер қатарына енген болатын. Қазақстандық спортшылар аралас дуэттер арасындағы еркін бағдарламада қола медаль жеңіп алды.

Сайт Әкімшілігі