Қоғам

«Дәрігерлер ұлымды өлтірді»: Ақтау тұрғыны Тоқаевқа үндеу жасады

Ақтау қаласының тұрғыны Жұлдыз Азанова дәрігерлердің әрекетіне байланысты 13 жастағы ұлынан айрылғанын айтып, айып тақты.

Фото: әлеуметтік желіден

Оның сөзінше, баланың жағдайы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін нашарлап, кейін қайтыс болған. Марқұм баланың анасы бұл іске қатысы бар мамандарды жауапкершілікке тартуды талап етіп, бейнеүндеу жолдады. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бас прокуратураға және Денсаулық сақтау министрлігіне бірнеше рет жүгінгенін, алайда нақты нәтиже болмағанын алға тартты.

Анасының айтуынша, істі қарау жергілікті деңгейде қалып қойған, ал министрлік тарапынан да тиісті бақылау жасалмаған. Ол Денсаулық сақтау министрінің өңірге келіп, жағдайды жеке тексеруін сұрады. Жұлдыз Азанова медицина саласындағы кадр тапшылығы мен жабдық мәселелерін де көтеріп, мұндай жағдайлардың қайталанбауын талап етті. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты ресми тексеріс жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Сайт Әкімшілігі