Қоғам

Германияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба табылып, мыңдаған тұрғын эвакуацияланды

Германияның Киль қаласындағы Дитрихсдорф ауданында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тасталған әуе бомбасы табылды.

Фото: ашық дереккөз

Оқ-дәрі шамамен төрт метр тереңдіктен анықталған. Мамандардың мәліметінше, бұл салмағы шамамен 250 келі болатын, соққы әсерінен іске қосылатын тұтатқышы бар америкалық бомба. Қауіпті аумақтан 2 580 үй шаруашылығындағы 5 235 адамды эвакуациялау жоспарланған.

 Тұрғындар сағат 14:00-ге дейін үйлерін босатуы керек. Осыдан кейін саперлер бомбаны залалсыздандыруға кіріседі. Үйінен уақытша кететін жері жоқ тұрғындар үшін жергілікті мектепте арнайы орналастыру пункті ұйымдастырылды.

Бомбаны залалсыздандыру жұмыстарының қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.

Сайт Әкімшілігі