Қоғам

Тоқаев әлеуметтік желіде байлықты көрсетуге әуестенбеуге шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілерде көрсетілетін сән-салтанат пен «жеңіл ақша» культінің жастарға кері әсер ететінін мәлімдеді.

Фото: Жас Алаш ЖИ

Мемлекет басшысының айтуынша, даңғаза байлықты насихаттау жас буынның өмірлік бағдарын өзгертіп, дүниетанымдық құндылықтары мен ұстанымдарының бұрмалануына себеп болуы мүмкін.

Осыған байланысты Президент журналистер мен медиа өкілдерін қоғамға «көзбояушылық сән-салтанат пен мәнсіз бос уақыттың иллюзиялық әлемін» насихаттамауға шақырды.

– Көрсеткіш үшін жасалатын ысырапшылдық пен жеңіл табысқа негізделген құндылықтар жастардың дұрыс жолдан адасуына ықпал етеді. Сондықтан ақпарат саласының қызметкерлері ұлт сапасын арттыруға бағытталған құндылықтарды ілгерілетуге белсенді атсалысуы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, бұқаралық ақпарат құралдары мен цифрлық платформалар қоғамда еңбекқорлық, білім, жауапкершілік және адал еңбек арқылы жетістікке жету секілді құндылықтарды дәріптеуге басымдық беруі тиіс.

Сайт Әкімшілігі