Live

КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН ҚУҒЫН: ҚОҒАМДАҒЫ СТАЛКИНГ ҚАУПІ

Сталкинг – бұл жай ғана «мазалау» емес. Бұл – адамның жеке кеңістігін, психологиялық қауіпсіздігін жүйелі түрде бұзу. Көп жағдайда ол байқалмайды, мойындалмайды, тіпті ақталып кетеді. Бірақ оның салдары үнсіз трагедияға ұласады.

Фото: ЖИ

 

 

Сталкинг (ағылш. to stalk – аңду, ізіне түсу) – бір адамның екінші адамды ұзақ уақыт бойы қасақана бақылауы, мазалауы, үрей туғызуы. Бұл әрекетке қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жазу, әлеуметтік желі арқылы бақылау, үйі мен жұмысының маңында пайда болу, таныстары арқылы мәлімет жинау жатады. Ал ең қауіптісі – сталкер көбіне өзін «қамқор», «ғашық», «алаңдаулы адам» рөлінде көрсетеді. Президенттің жарлығы 2025 жылдың жаңа заңы бойынша 115 баптың 1 тармағы “сталкинг” жасаған азаматтарға 200 АЕК көлемінде айыппұл, яғни 786 400 теңгені құраған. Ал 2026 жылда 865 000 теңгеге дейін өскен. Одан бөлек 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегіліп немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады деп хабарлайды.

Әлемнің көптеген елдерінде сталкинг қылмыс ретінде танылады. Дегенмен сталкерлер қолданатын кейбір әрекеттер мен тактикалар заңды болуы мүмкін. Мәселен, ақпарат жинау, телефон арқылы қоңырау шалу, сыйлық жіберу, хат жолдау, электронды немесе жедел хабарламалар жіберу — өз алдына заң бұзушылық болып саналмайды. Алайда бұл әрекеттер заңнамада көрсетілген қудалау ұғымын бұзған сәттен бастап заңсыз деп танылады.

Мысалы, Ұлыбритания заңнамасына сәйкес, мінез-құлықты сталкинг деп тану үшін сталкер өз әрекеттерінің жағымсыз екенін білген жағдайда екі ғана оқиғаның болуы жеткілікті. Бұл бейтаныс адамға жасалған екі телефон қоңырауы, екі рет сыйлық жіберу, жәбірленушіні бір рет аңду және бір рет телефон соғу секілді әрекеттер болуы мүмкін.

Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінде «сталкинг» жеке қылмыс түрі ретінде көрсетілмеген. Алайда жекелеген жағдайларда қудалаушыға қатысты Қылмыстық кодекстің басқа да баптары қолданылуы мүмкін. Мәселен, 137-бап — «Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу», 138-бап — «Хат алмасу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарламалар құпиясын бұзу», 139-бап — «Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу». Ресей заңнамасына «навязчивое преследование» (жабысқақ қудалау) ұғымын енгізуді «Жаңа адамдар» партиясы лоббилеп отыр.Ал бізде қоғамда дүрбелең алмай, заң қабылданбас па еді?

Қоғамда сталкинг жиі романтикаландырылып жататыны да рас:

«Сүйген соң қызғанады ғой»,

«Іздеп жүрсе, демек бейжай емесі анық»,

«Еркек деген солай болу керек» сынды сарапталмаған пікірлер айтылып жатады. Бұлда постколониялды сананың көрінісі.

Сталкинг тек әйелдерге ғана емес, сондай ақ еркектерге де жасалатынын есте сақтайық. Алайда зерттеу бойынша сталкерлердің 83%-ын ерлер құрайтынын, ал сталкинг құрбандарының шамамен үштен екісі — әйелдер болып отыр. Сондай-ақ сталкерлердің 50 пайызға жуығы бұрынғы серіктестер болып табылады: олар қарым-қатынас үзілгеннен немесе ажырасудан кейін қудалауды бастайды.

Алайда психологтар үшін сталкинг – бақылауға ұмтылған мінез-құлықтың бұзылысы, ал құқық қорғау органдары үшін – әлеуметтік қауіп.

Уикипедия ақпараты бойынша мамандар сталкингті бірнеше түрге бөледі:

1. Физикалық сталкинг – жәбірленушіні көшеде, үйінің жанында, жұмыс орнында аңду.

2. Цифрлық сталкинг – әлеуметтік желідегі бақылау, жалған аккаунттар, геолокация арқылы қадағалау.

3. Коммуникациялық сталкинг – тоқтаусыз хабарламалар, қоңыраулар, электронды хаттар.

4. Делдал арқылы сталкинг – достар, туыстар арқылы мәлімет жинау, қысым жасау.

Кей жағдайда бұл түрлер бір-бірімен араласып, адам өмірін толық бақылауға айналады.

Сталкингтің ең үлкен қаупі – оның бірден танылмауы. Жәбірленуші көбіне өз жағдайын былай деп қабылдайды:

«Бәлкім, мен асыра сілтеп тұрған шығармын»; «Өзі жаман адам емес қой»;

«Ұят болады, шағымдансам».

Нәтижесінде адам ұзақ уақыт бойы қорқынышта өмір сүреді. Ұйқы бұзылады, үрей күшейеді, өзіне сенім азаяды. Психолог Айсұлу Ордабекованың айтуынша сталкинг құрбандарының арасында депрессия, паникалық шабуыл, посттравмалық күйзеліс жиі кездесетінін айтады.

Ең сорақысы – сталкинг кейде физикалық зорлыққа ұласады. Әлемдік статистикаға сүйенсек, тұрмыстық қылмыстардың елеулі бөлігі дәл осы аңдудан басталған. Осы айтып отырған жағдайдың бәрі де өз еліміздің атап айтқандай Шымкент қаласында студент Нұрайдың өлімінде көрініс тапқаны. Ол туралы БАҚ құралдарының бәрінде де жарияланып, министрліктіңде бақылауына түсті. Айта кетелік 21 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны Нұрай Серікбайдың 11 қаңтар күні көпқабатты тұрғын үй маңынан мәйіті табылған болатын. Айыпталушы марқұмды күзде алып қашқаны одан әрмен оған мәжбүрлеп видео жаздырғаны анықталды. Одан бөлек қызды үйде қамап ұстағаны. Алайда полицияға арыз жазған кезде, оның арызы тиісті түрде қарастырылмаған, түсірілген видеоның теріс жағының зияны тиген. 5 ақпан 2026 жылы жарияланған BAQ.kz-те Мұрат Әбеновтің айтуынша.

Бұл айтылып жатқан ақпараттар сталкингтің айтылған 4 пунктінеде дәл келетінін айтқым келіп отыр.

Қазақстандағы жағдай: үнсіз проблемa

Қазақстанда «сталкинг» ұғымы қоғамдық дискурста жаңа ғана айтыла бастады. Көп жағдайда ол әкімшілік құқықбұзушылық ретінде де нақты көрсетілмейді. Жәбірленушілер полицияға жүгінгенде жиі мына жауапты естиді:

«Тікелей қауіп жоқ»,

«Ұрған жоқ қой»,

«Дәлеліңіз бар ма?»

Бұл – құқықтық олқылықтың көрінісі. Заңда сталкингтің нақты анықтамасы мен жазасы болмаған соң, ол көбіне «ұсақ мәселе» ретінде қабылданады. Ал қоғамда бұл әрекетке төзімділік әлі де жоғары. Бұл оқиғада бірден дабыл қағарлық белгі болмады. Қоғам үйренген «қауіпті» көрініс те жоқ еді: жанжал, ұрып-соғу, ашық қоқан-лоқы тіркелмеген. Бірақ дәл осы көрінбейтін белгілер кейін орны толмас трагедияға айналды.

Нұрайға қатысты жағдай да осылай басталған.

Сталкинг құрбандарының басым бөлігі – әйелдер. Әсіресе бұрынғы серіктестер тарапынан жасалатын аңду жиі кездеседі. Сол үшінде қазіргі таңда қорғану мақсатында шокер, қорғаныс балоны, дабыл қаққыш сынды заттарды алып жүрулері тиіс болып қалды. Тағы да жәбірлеушілер тайраңдаса, жәбірленушілер қорғануы керек.

Педагог-психолог Айсұлу Ордабековаға сауал:

-Айсұлу ханым адамдар не үшін сталкерлікке барады?

-Кейбір адамдар “жоқ” деген жауапты қабылдай алмайды

Олардың ішінде

Тастап кетуден қатты қорқу

Төмен өзін-өзі бағалау

Эмоционалды тәуелділік

Олар: “Ол менікі болуы керек” деп ойлайды. Сталкер үшін маңыздысы -бақылау сезімі. Ол өзін күшті сезіну үшін басқа адамның өміріне араласады

Бұл жерде мәселе тек жеке қарым-қатынаста емес, билік пен бақылау ұғымында жатыр.

Сталкер үшін басты мақсат – махаббат емес, басқару.

Қоғам не істеуі керек?-деген сауал туындайды.

Біріншіден, сталкингті норма деп қабылдауды тоқтату қажет.

Екіншіден, жәбірленушінің сөзін жоққа шығармау, «өзі кінәлі» деген стереотиптен арылу маңызды.

Үшіншіден, заңнамалық деңгейде сталкингке нақты анықтама мен жауапкершілік енгізу – уақыт талабы.

БАҚ бұл мәселеде ерекше рөл атқарады. Сталкинг туралы ашық, сауатты, сенсациясыз жазу – құрбандардың үнін естіртудің бір жолы.

Сталкинг – көзге көрінбейтінде зорлық. Ол көгерген із қалдырмауы мүмкін, бірақ адамның ішкі әлемін талқандайды. Қоғам бұл құбылысты жеңіл қабылдаған сайын, аңду да, үрей де жалғаса береді.

Қауіп әрдайым айқайлап келмейді. Кейде ол үнсіз ілесіпте жүреді.

Расылхан Айша

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Сталкинг