Қоғам

Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылады

Құрылтай отырысында бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының жанынан Қоғамдық палата құру туралы шешім қабылданды.

Фото: Ақорда

Қоғамдық палата депутаттардың сарапшылармен, ғалымдармен, азаматтық қоғам, кәсіби бірлестіктер және өңірлер өкілдерімен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын тұрақты жұмыс алаңына айналуға тиіс.

Оның құрамына 50 адам енгізу көзделіп отыр. Палатаның негізгі міндеттерінің бірі – заң жобаларын «нөлдік оқылым» сатысында қоғамдық және сараптамалық зерделеу.

Бұл заң жобаларын әзірлеу кезеңінде кәсіби ұсынымдарды, балама ұстанымдар мен ұсыныстарды ескеруге мүмкіндік береді. Қоғамдық палата алаңында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері де талқыланады. Алдағы уақытта Құрылтай Бюросы Қоғамдық палата туралы ережені бекітіп, оның құрамын айқындауға және басшылық лауазымдарға тағайындау жүргізуге тиіс. 

Сайт Әкімшілігі