Қоғам

Тоқаев 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге кіруін шектеуді ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың психологиялық денсаулығы мен эмоционалдық тұрақтылығын қорғауға ерекше назар аударды.

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы осы мақсатта 2018 жылы қабылданған балаларды зиянды ақпараттан қорғау туралы заңды қайта қарау қажет екенін айтты. Сонымен қатар Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде аккаунт ашуына тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірлеген.

Тоқаев аталған құжатты Құрылтайдың алғашқы сессиясында қарауды тапсырды. Президенттің пікірінше, балалардың психологиялық саулығы елдің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы үшін маңызды.

Сайт Әкімшілігі