Қоғам

Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне Шәмші Қалдаяқов медалін қосты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар жүйесіне Шәмші Қалдаяқов атындағы медальді енгізді. Сонымен қатар «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» деген жаңа құрметті атақ белгіленді.

Фото: ашық дереккөз

«Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді. Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Сайт Әкімшілігі