Әлеумет

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министріне бірқатар міндет жүктеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады.

Фото: Ақорда

Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі бағыттары талқыланып, министрлікке бірқатар тапсырма берілді.

Мемлекет басшысы мәдениет пен креативті индустрияны дамытуға басымдық беріп, тарихи-мәдени мұраны сақтау және оны қоғамға кеңінен таныту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар Қазақстан мәдениетін халықаралық деңгейде ілгерілетудің маңызын атап өтті.

Кездесуде мемлекеттік ақпараттық саясат мәселесі де қаралды. Президент отандық ақпарат кеңістігін дамыту қажеттігін айтып, заңнаманы қазіргі цифрлық ортадағы тәуекелдерді ескере отырып жетілдіру керектігін жеткізді.

Бұдан бөлек, қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ жастардың шығармашылық және жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау жөнінде міндеттер қойылды.

Сайт Әкімшілігі