Әлеумет

Димаш Құдайберген қазан айында әлемдік турын бастайды

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Фото: из открытых источников

«Алда жаңа кезең күтіп тұр. Қазан айында жаңа әлемдік турымды бастаймын. Тыңдарман құрметіне 15-ке жуық жаңа ән дайындап үлгердім. Бұл осы жылдар бойы менімен бірге болған барша жанға деген алғысым болмақ», - деді әнші.

Айта кетейік, жақында әншінің халық әні «Ақеркені» заманауи форматта орындаған бейнебаяны жарық көрді.

Алайда кейбір желі қолданушылары оның авторлық әні аз екенін айтып, пікір жазған. 

Сайт Әкімшілігі