Павлодар облысындағы ұшақ апатынан аман қалған ұшқыш жансақтау бөлімінде жатыр
Павлодар облысында болған ұшақ апатынан аман қалған ұшқыш жансақтау бөліміне жатқызылды.
Павлодар қалалық №1 ауруханасы мәліметінше, 1998 жылы туған ер адам аурухананың реанимация және қарқынды терапия бөліміне бірнеше дене жарақатымен жеткізілген.
Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты бақылауда.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында авиациялық-химиялық жұмыстарды орындап жүрген Ан-2 ұшағы электр желісіне тиіп, апатқа ұшырағаны хабарланған еді. Оқиға салдарынан бір ұшқыш қаза тапқан.