Live

Астанадағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге 15 мың тонна топырақ жұмсалды

Астанада 10 шілдеде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында тұтанған ірі өрт толықтай сөндірілді.

Фото: ТЖМ

Үш гектар аумақты шарпыған қызыл жалынды ауыздықтауға құтқарушыларға үш күн қажет болды.

Өртті толық жою және қайта тұтану қаупінің алдын алу үшін мамандар тығыз топырақпен көму әдісін қолданған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, осы мақсатта полигон аумағына шамамен 15 мың тонна топырақ төгілген. Бұл әдіс түтіндеп жатқан ошақтарды толық оқшаулап, өрттің қайта өршуіне жол бермеуге мүмкіндік берген.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі