Live

Индонезияда 243 адам мінген паром жоғалып кетті

Индонезияда бортында 243 адам болған Virgo Transport 8 паромымен байланыс үзілді. Бұл туралы елдің Ұлттық іздеу-құтқару агенттігі (Basarnas) хабарлады.

Фото: ашық дереккөзден

Ведомство мәліметінше, кеме Сурабаядан Банджармасинге қарай бағыт алған. Паром қатты дауылға тап болғаннан кейін жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 02:00 шамасында онымен байланыс үзілген.

Құтқару қызметінің үйлестірушісі соңғы рет кеменің Банджармасиндегі SAR Basirih айлағынан шамамен 80 теңіз милі қашықта болғаны анықталғанын айтты.

Қазір паромды іздеуге Индонезия әскери-теңіз күштері, су полициясы және навигациялық қызмет өкілдері жұмылдырылды. Құтқару операциясы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі