Live

Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылды

Түркістан облысында TikTok әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері нысанды киімді киіп, әдепсіз би билеген қыздың бейнежазбасын анықтады.

Фото: полиция

Тексеру барысында бейнежазбаның авторы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Арайлым Жиенбаева екені анықталды. Оның әрекетіне құқықтық баға берілді.

Сот шешімімен блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Полицияның нысанды киімі әлеуметтік желіде назар аудартудың құралы емес. Әр адам құқыққа қайшы әрекеті үшін заң аясында қатаң жауапқа тартылады.

Сайт Әкімшілігі