Live

Ұлттық киім – рухтың көрінісі: ҚАЖ қызметкерлері дәстүрді ұлықтады

Наурызнама мерекесінің бесінші күні – Ұлттық киім күніне орай өңірлік ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде ерекше іс-шара өтті.

Фото: polisia.kz

Қызметкерлер ұлттық нақыштағы киімдер киіп, қазақы дәстүр мен сәннің үйлесімін көпшілікке паш етті.

Шара барысында әр қатысушы ұлттық киімді талғаммен таңдап, оның тек сыртқы әсемдігін ғана емес, терең мағынасы мен практикалық ерекшеліктерін де көрсете білді. Жас ерекшелігі мен әлеуметтік мәртебеге сай іріктелген киім үлгілері ұлттық мұраның сан қырлы сипатын айқындады.

Қазақтың ұлттық киімі – ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттің айнасы. Ол халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысып, эстетика мен ыңғайлылықтың үйлесімін білдіреді.

ҚАЖ қызметкері Динара Шахи мұндай шаралардың маңызын атап өтіп: «Бұл бастама арқылы біз ата-бабадан қалған асыл мұраны дәріптеп, кейінгі ұрпаққа үлгі етуді көздейміз. Ұлттық киім – халқымыздың рухани болмысының айқын көрінісі», – деді.

Осындай мазмұнды іс-шаралар қызметкерлердің ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып қана қоймай, қоғамға өнеге болатын игі бастамаға айналып отыр. Бұл – дәстүр сабақтастығын сақтап, ұлттық рухты жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам.

Сайт Әкімшілігі