Live

Қазақстанда «Халық Кеңесі» пайда болады: парламент заң жобасын мақұлдады

Қазақстан парламенті «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Фото: ашық дереккөз

 Бұл туралы палаталардың бірлескен отырысының қорытындысы бойынша белгілі болды.

Заң жобасымен ары қарай жұмыс істеу үшін Сенат пен Мәжілістің бірлескен комиссиясы құрылды. Оның құрамына қоғам қайраткерлері мен депутаттар енді.

Мәжіліс тарапынан комиссия құрамына:

— Ерлан Саиров;

— Аманжол Алтай;

— Наталья Дементьева кірді.

Сенат тарапынан:

— Нұртөре Жүсіп;

— Нұрия Ниязова;

— Алишер Сатвалдиев енген.

Комиссия төрағасы болып бірауыздан сенатор Нұртөре Жүсіп сайланды.

Жаңа заң «Қазақстан Халық Кеңесінің» құқықтық мәртебесін, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындауға бағытталған. Құжатқа сәйкес, бұл орган халық мүддесін білдіретін маңызды консультативтік-кеңесші құрылым болады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: заң жобасы