Пашинян Тоқаевқа ЕАЭО саммитіне келмейтінін хабарлады
Армения премьер-министрі Никол Пашинян 28-29 мамырда Астанада өтетін ЕАЭО саммитіне қатыса алмайтынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл елдегі сайлауалды науқанға байланысты. Армениядағы парламент сайлауы 7 маусымға белгіленген. Пашинянның орнына саммитке вице-премьер Мгер Григорян қатысады.
Бұған дейін Армения премьері Мәскеуге сапары кезінде бұл шешімін Ресей президенті Владимир Путинге жеке айтқан. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа да телефон арқылы хабар берген. Сонымен қатар Армения үкіметі Қазақстанмен әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді мақұлдады.
Құжатқа сәйкес, тараптар бір-біріне қарсы барлау әрекеттерін жүргізбеуге міндеттенеді.