Live

Шалқар көліндегі жартасқа «Санкт-Петербург» деп жазған туристер жазаланды

Шығыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінің маңындағы жартастың бетіне алып жазу қалдырған шетелдік туристер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде жартасқа «Санкт-Петербург» деген жазу қашалып жазылған фотосуреттер тараған. Жарияланымдардан кейін полиция құқық бұзушыларды анықтаған.

Тексеру барысында жартасты бүлдіргендердің шетел азаматтары екені белгілі болды. Олар абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция туристермен түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Ал табиғи нысанның бетіне салынған алып жазуды өшіру тапсырылған.

Табиғи көрікті жерлерге келген туристерге қоршаған ортаға зиян келтірмеу және қоғамдық тәртіп талаптарын сақтау ескертілді.

Сайт Әкімшілігі