Оқиғалар

«Талонға талас»: Павлодар емханасындағы жағдай желіні шулатты

Павлодардағы қалалық емханалардың бірінде түсірілген ұзын-сонар кезек пен адам иін тірескен жағдайға байланысты денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.

видео-скрин

Ведомство өкілдерінің айтуынша, Қазақстандағы емханалар ресми түрде таңғы 08:00-де жұмысын бастайды. Алайда пациенттер ғимаратқа 07:30-дан бастап кіргізіледі.

«Таңертеңгі уақытта науқастардың жиналуы мезгіл-мезгіл байқалады. Күн ішінде адамдардың легі біртіндеп азаяды», - деп мәлімдеді басқарма.

Шенеуніктердің сөзінше, аталған емхана шамамен 62 мың тұрғынға қызмет көрсетеді және пациенттерді қабылдауға барлық жағдай жасалған.

Ал әлеуметтік желіде тараған видеода адамдардың есік ашылған сәтте жаппай ішке кіріп жатқанын көруге болады. Кейін талон беретін аппараттардың жанында жанжал мен айқай басталған.

Сайт Әкімшілігі