Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Нұрлыбек Нәлібаевтың премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына кандидатурасын мақұлдаған болатын.
Еске салайық, 5 мамыр күні мемлекет басшысының жарлығымен Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді. Осыған байланысты ол премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Нәлібаев 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарды.
2022 жылдың сәуірінен бері Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарып келген.