Live

Италия ресейліктерге виза беру талаптарын қатаңдатты

Италияның VMS және Almaviva визалық орталықтары Ресей азаматтарына Шенген визасын заңсыз рәсімдеуге қатысты тергеуге байланысты 12 мамырдан бастап үшінші тұлғалар арқылы құжат қабылдауды тоқтатты.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Ресей туроператорлар қауымдастығы хабарлады.

Жаңа тәртіпке сәйкес, енді өтінішті тек визалық орталыққа азаматтың өзі келіп тапсыра алады. Агенттер, курьерлер, сенім білдірілген тұлғалар, нотариустар және адвокаттар арқылы құжат тапсыру мүмкіндігі жойылды.

Өтініш беруші белгіленген уақытта жеке келіп, төлқұжатын және онлайн тіркеуден өткенін растайтын құжатты көрсетуі тиіс.

Тек кейбір жағдайларда ғана, яғни толық туристік пакет (қонақүй, әуе билеті және сақтандыру) сатып алынған болса, аккредитация арқылы құжат тапсыру мүмкіндігі сақталады.

Айта кетейік, бұған дейін Италияның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Шенген визаларын заңсыз рәсімдеуге қатысты іс бойынша қамауға алынған болатын.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Ресей виза