Live

«Ірі несие алу қиындайды»: Қазақстанда несие рәсімдеуге жаңа талап енгізілді

Қазақстанда енді қомақты несие рәсімдеу кезінде азаматтардың алақан ізі де сұралуы мүмкін.

Фото: inbusiness.kz

Тиісті жаңа ережені Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі бекітті.

Жаңашылдыққа сәйкес, бұрынғыдай тек бет-әлпетті танумен шектелмей, енді алақан биометриясы да қолданылады. Клиенттердің деректері автоматты түрде Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесіне (ҰБАЖ) енгізіледі.

Жаңа талаптар биыл 12 шілдеден бастап күшіне енеді және барлық қаржы ұйымдары мен төлем жүйелеріне міндетті болады.

🔺Биометриялық сәйкестендіру мына жағдайларда қолданылады:

– қашықтан банк шотын ашу;

– электронды цифрлық қолтаңба рәсімдеу;

– белгіленген лимиттен жоғары несие алу;

– мобильді қосымша немесе сайт арқылы алғаш тіркелу;

– клиент деректерін мерзімді жаңарту (ақшаны жылыстатуға қарсы талаптар бойынша);

– банктердің ішкі ережелерінде қарастырылған өзге де жағдайлар.

Бұл өзгерістер қаржы операцияларының қауіпсіздігін арттырып, алаяқтық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: несие