спорт

УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді

УЕФА Суперкубогы 2028 жылы алғаш рет Қазақстанда өтеді.

Фото: ашық дереккөз

Турнирдің шешуші кездесуі Астанадағы «Астана Арена» стадионында ұйымдастырылады.

Бұл туралы УЕФА Атқарушы комитеті шешім қабылдады.

2028 жылғы Суперкубогы үшін матчта 2027/28 жылғы маусымның Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі.

Осылайша, Қазақстан алғаш рет УЕФА Суперкубогы сияқты ірі халықаралық футбол додасының біріне алаң ұсынбақ.

Сайт Әкімшілігі