Әлеумет

Қазақстанда ипотеканы ерлерге қарағанда әйелдер жиі рәсімдейді

Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында ипотека төлеп жүрген әйелдердің үлесі ерлерден айтарлықтай жоғары. Бұл туралы «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова брифинг барысында мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

Банк дерегінше, мемлекеттік бағдарламалар бойынша төлем жасаушылардың 58%-ы – әйелдер, ал ерлердің үлесі 42%-ды құрайды. Сандық көрсеткіш бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында 2,07 млн әйел және 1,438 млн ер адам төлем жасаушы ретінде тіркелген. Сондай-ақ банк басшысы ипотека рәсімдейтін азаматтардың жасына қатысты статистиканы жариялады.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша банк салымшысының орташа жасы – 35 жас, ал қарыз алушының орташа жасы – 41 жас. Ал банктің нарықтық бағдарламаларында салымшылардың орташа жасы – 35 жас, қарыз алушылардікі – 39 жас. Бұл көрсеткіштер тұрғын үй мәселесін шешуде әйелдердің ипотекалық бағдарламаларға белсендірек қатысатынын көрсетеді.

 Бұған дейін «Отбасы банк» ипотека арқылы сатып алуға болатын тұрғын үйлердің тізімін кеңейткен болатын. Өзгерістерден кейін азаматтарға қайталама нарықтағы пәтерлерді, оның ішінде кеңестік кезеңде салынған панельді үйлерді сатып алу мүмкіндігі артты. Бұл өзгеріс әсіресе жаңа үйлердің бағасы жоғары болған жағдайда, тұрғын үйді қолжетімді нұсқалардан іздейтін азаматтарға таңдау мүмкіндігін кеңейтеді.

Сайт Әкімшілігі