Шампурмен кісі өлтірген: мектеп түлегінің ісі бойынша сот шешімі шықты
Алматы облысында мектеп бітіру кешінде болған қайғылы оқиғаға қатысты сот үкімі шықты.
11-сынып оқушысы Әлібиді шампурмен жарақаттап, өліміне себеп болған жасөспірім 10 жылға бас бостандығынан айрылды.
Іс бір жылға жуық уақыт тергеліп, жабық форматта қаралған. Сот мәліметінше, айыпталушы Қылмыстық кодекстің «кәмелетке толмаған адамды қасақана өлтіру» бабымен кінәлі деп танылған.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны 10 жылға соттаған.
Кейін қорғау тарапы үкімге шағым түсіргенімен, облыстық сот бірінші инстанция шығарған шешімді өзгеріссіз қалдырды.