Live

Қазақстанда 160-тан астам адам мүгедектік алу үшін жалған медициналық құжат рәсімдеген

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізген тексеріс барысында 167 күмәнді жағдай анықталды.

Фото: из открытых источников

Сараптама нәтижесінде бірқатар медициналық құжаттардың қолдан жасалғаны белгілі болды.

Атап айтқанда, әртүрлі науқастарға бірдей мазмұнда рәсімделген құжаттардың «көшіріп қою» тәсілімен дайындалғаны тіркелген.

Сонымен бірге зертханалық талдаулар, ауру тарихы (анамнез) және дәрігерлік қорытындылардың бір-бірімен толық сәйкес келетін фактілері анықталған.

Мұндай құжаттарда тек науқастардың жеке мәліметтері мен тексерілген күндері ғана өзгертіліп, негізгі мазмұны сол күйінде қалдырылған.

Сайт Әкімшілігі