Қоғам

Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжде 1 курс кадеті қаза болды

13 ақпан күні Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті кезекшілік міндетін өтеу  барысында бекітілген қарудан өзіне оқ атып, көз жұмды.

Фото: из открытых источников

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім болды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

«Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Сайт Әкімшілігі