Live

Шымкент базарына ресейлік 12 мыңға жуық жұмыртқа заңсыз жеткізілген

Шымкенттегі «Жібек жолы» базарынан таңбалаусыз және тиісті құжаттарсыз сатылып жатқан 11 850 дана тауық жұмыртқасы анықталды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

Тексеруді Ветеринариялық бақылау комитетінің, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан құс өсірушілер одағының өкілдері жүргізген.

Зертханалық сараптама нәтижесінде жұмыртқалардың қауіпсіздік талаптары мен Қазақстан заңнамасына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Соның негізінде бүкіл партия арнайы комиссияның қатысуымен жойылды.

Заң бұзушылыққа қатысы бар тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

Еске салайық, 2026 жылғы 17 сәуірден бастап Қазақстанда тауық жұмыртқасын елге әкелуге уақытша тыйым салынған. Бұл шара сұр импорттың алдын алу, демпингке жол бермеу және ішкі нарықтағы бағаның тұрақтылығын сақтау мақсатында енгізілген.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Шымкент