Үкімет Алматы әуежайындағы жөндеу жұмыстарын 1 шілдеге дейін аяқтауды талап етті
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы әуежайындағы жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғанына наразылық білдіріп, барлық құрылысты 1 шілдеге дейін аяқтауды тапсырды.
Әуежайды аралау барысында ол жөндеу жұмыстарының қала келбетіне кері әсер етіп жатқанын және жолаушылар мен туристерге қолайсыздық туғызғанын айтты.
Нәлібаев әуежай басшылығына арнайы ескерту жасап, созылып кеткен құрылыс қоғам тарапынан орынды сынға ұшырап отырғанын атап өтті.
Айта кетейік, Алматыдағы жаңа халықаралық терминал 2024 жылдың жазында ашылған болатын. Жоба құрылысына 93 млрд теңге жұмсалған.