Live

Қазақстандағы ұлтаралық келісім – тұрақты дамудың негізі

Әлемде тек бір ұлт қана мекендейтін елдер өте аз, сондықтан әр мемлекет үшін этностар арасындағы түсіністік пен өзара құрмет аса маңызды.

Фото: БАҚ

Қазақстанда ұлтаралық келісім – елдің ішкі тұрақтылығы мен қоғамдық сенімнің басты діңгегі болып саналады. Бұл – тек ұран емес, еліміздің тарихи тәжірибесі мен қазіргі саясатының ажырамас бөлігі.

Мемлекет этностарды бір-біріне қарсы қою емес, олардың ерекшеліктерін сақтай отырып, ортақ мүддеге біріктіруді мақсат етеді. Қазақ тілі – ұлттық бірлік пен мәдени диалогты қамтамасыз ететін басты фактор. Сонымен қатар, басқа этностар өз ана тілдерін дамытуды жалғастыра алады.

Қазақстанға тағдыр айдап келген ұлт өкілдері түрлі салада – әдебиет, ғылым, медицина, спортта – елеулі жетістіктерге жетті. Мысалы, қаламгер Герольд Бельгер қазақ әдебиетін неміс тіліне аударса, кардиохирург Юрий Пя елімізде алғашқы жүрек ауыстыру отасын жасаған. Академик Надир Надиров химия ғылымының дамуына үлес қосты.

Ұлтаралық келісім тек әлеуметтік тыныштыққа ғана емес, саяси тұрақтылыққа да ықпал етеді.

Сайт Әкімшілігі