Live

Батыс Қазақстанда швейцариялық туристер жол апатына ұшырады  

Маңғыстау облысында құтқарушылар жол апатына түскен Швейцария туристеріне көмек көрсетті.

Фото: ЖИ / Жас Алаш

Бейнеу – Ақтау тасжолында екі шетелдік отырған автодом кенеттен аударылып қалған.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖД қызметкерлері жеткен. Құтқарушылар туристерді көліктен шығарып, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, оларды Бейнеу ауылына жеткізген.

Онда шетелдік қонақтар қонақүйге орналастырылды.

Абырой болғанда, туристерге медициналық көмек қажет болмаған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жол апаты