спорт

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Мадридтегі турнирде чемпион атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева мен италиялық Николь Фосса Уэрго Испанияның Мадрид қаласында өткен W100 сериялы турнирдің жұптық сайысында чемпион атанды.

Фото: ашық дереккөз

Финалда олар испаниялық теннисшілер Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны тізе бүктірді. Бірінші сетте қарсыластары жеңіске жетіп, 7:6 (9:7) есебімен басым түсті. Алайда екінші сетте Жібек пен Николь есепті теңестіріп, 7:6 (7:4) нәтижесімен жауап қайтарды.

Кездесудің соңғы нәтижесі шешуші тай-брейкте анықталды. Бұл кезеңде қазақстандық және италиялық дуэт қарсыластарынан айқын басым түсіп, 10:4 есебімен жеңіске жетті.

Т. РАУШАНҰЛЫ