Қоғам

Тоқаев Король ІІІ Чарльзді туған күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Чарльз III-ге туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы құттықтау хатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Президент Король ІІІ Чарльзге ел игілігі жолындағы мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, Ұлыбритания халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.

Сайт Әкімшілігі