Қоғам

Канадада хантавирус жұқтырған науқас анықталды

Канадада хантавирус жұқтырған адамның бары расталды. Қауіпті вирус анықталған науқас қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.

Фото: ашық дереккөзден

16 мамыр күні Ұлыбритания Колумбиясында карантинде жатқан төрт канадалықтың бірінен хантавирусқа тапсырылған тест оң нәтиже көрсеткен. Олар бұған дейін бірнеше адамның өмірін қиған індет ошағы тіркелген MV Hondius круиз кемесінің жолаушылары болған.

Мәліметке сәйкес, науқаста екі күн бұрын дене қызуы көтеріліп, бас ауруы секілді жеңіл симптомдар байқалған. Осыдан кейін ол ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өткен.

Ұлыбритания Колумбиясының бас санитарлық дәрігері Бонни Генри алғашқы тест нәтижесі «алдын ала оң» болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, нақты қорытынды шығару үшін сынама Виннипегтегі ұлттық зертханаға жіберілген. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, симптомдары жеңіл.

Науқаспен бірге болған адамның тест нәтижесі теріс шыққанымен, ол да қосымша бақылау үшін ауруханада қалдырылған. Сонымен қатар вирус жұқтырған адаммен байланыста болған тағы бір адам ауруханаға жатқызылып, төртінші адам үй карантиніне жіберілді.

Айта кетейік, сәуір айының басында Нидерландқа тиесілі MV Hondius круиз кемесі Атлант мұхиты арқылы сапарға шыққан. Бортта 23 елден келген шамамен 150 адам болған. Сапар барысында бірнеше жолаушыда ауыр респираторлық ауру белгілері байқалған.

Мамыр айының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы круиз лайнерінде хантавирустың «Андес» штамына байланысты індет ошағы тіркелгенін хабарлаған. 10 мамырда кеме Тенерифе аралы маңына тоқтап, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің бір бөлігі жағаға шығарылып, кейін арнайы рейстер арқылы карантинге жіберілген.

Сайт Әкімшілігі