Елімізде шенеуніктердің есірткіге қатысын тексеру ұсынылды
Сенат депутаттары пленарлық отырыста бірқатар заңнамалық өзгерістерді мақұлдады. Жаңа түзетулер 18 заңға, оның ішінде Еңбек кодексі мен Денсаулық туралы заңға енгізіледі.
Құжатқа сәйкес, мемлекеттік қызметшілер үшін қосымша талаптар қарастырылған. Соның бірі – белгілі бір лауазым иелерін есірткі және психотроптық заттарды қолдану фактісіне тексеру.
Бұл талап барлық қызметкерлерге бірдей қолданылмайды. Тексеріс тек арнайы бекітілетін тізімге енген қызметкерлерге жүргізіледі.
Аталған тізім нақты критерийлер негізінде қалыптастырылмақ.