Қоғам

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшылары келіссөз барысында қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің қазіргі ахуалы мен алдағы даму бағыттарын талқылайды. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы өтеді деп жоспарланып отыр.

Кездесуде сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық байланыстар және аймақтық қауіпсіздік мәселелері қаралады.

Сайт Әкімшілігі