Live

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1,4 мыңнан асты

24 маусымда Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 1430 адамға жетті. Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді.

Фото: AP Photo

Оның айтуынша, табиғи апаттан 3238 адам жарақат алған. Сонымен қатар, 3142 отбасы баспанасыз қалған. Олар уақытша паналау орындарына орналастырылып, қажетті гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр.

Бұған дейін Венесуэлада 24 маусым күні бірнеше жойқын жер сілкінісі болып, көптеген ғимарат қирағаны хабарланған еді. Осыдан кейін елде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Билік мәліметінше, зілзаладан 8 аурухана, 20 сауда орталығы және 68 инфрақұрылым нысаны зақымданған. Сондай-ақ 250 ғимарат қираған немесе қатты бүлінген.

Алғашқы мәліметтерде 32 адамның қаза тапқаны және 700-ден астам адамның жараланғаны айтылған болатын. Кейін құрбандар саны 920-ға жетіп, кемінде 172 адамның үйінді астында қалғаны хабарланды.

Сонымен қатар, апаттан кейін Венесуэлада бір әйел қираған ғимараттың үйінділері арасында сәбиін дүниеге әкелгені белгілі болды. Бұл оқиға жер сілкінісінен кейінгі бірнеше жерасты дүмпуінен соң болған.

Сайт Әкімшілігі