Live

Қазақстан Тәжікстанға бүгінге дейін 21 млн АҚШ долларын көмек ретінде берген

2025 жылғы 30 қыркүйекте Душанбеде Тәжікстан тарапына гуманитарлық көмек тапсыру рәсімі өтті.

Фото: БАҚ

Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Валихан Туреханұлы 5 мың тонна мазутқа арналған сертификатты Тәжікстан Үкіметінің Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің басшылығына табыстады.

Қазақстандық дипломат екі ел арасындағы стратегиялық қатынастар аясында Қазақстан тарапынан қанша көмек берілгенін атап өтті.

"Екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастар аясында Қазақстан басшылығы Тәжікстан Республикасына 871,9 миллион теңге – шамамен 1,67 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады", - деді Қазақстан елшісі.

Гуманитарлық көмек Қазақстанның халықаралық даму агенттігі «KazAID» арқылы көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар Тәжікстанға азық-түлік өнімдері – 67 тонна өсімдік майы, 50 тонна сүт консервілері және 144,5 миллион теңгеге (276 мың доллар) 325,6 тонна қарақұмық жеткізілді.

Соңғы 5 жылда Қазақстан тарапынан Тәжікстанға жеткізілген гуманитарлық көмек көлемі 21 млн АҚШ долларынан асты.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тәжікстан