спорт

Боксшы Санжар Тәшкенбай әскерге аттанды

Танымал әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай ҚР Қарулы Күштері қатарына қабылданды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында әскери бөлімде ант қабылдап жатқан суретін жариялады.

Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған болатын.

 

Сайт Әкімшілігі