Live

Елімізде ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар 169 адам ұсталды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері ұйымдасқан қылмысқа қарсы жүргізілген операциялар барысында 24 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатқан.

Фото: ҰҚК

ҰҚК мәліметінше, арнайы шаралар полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің бірнеше өңірінде жүргізілген.

Бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 169-дан астам адам ұсталған. Олардың арасында қылмыстық топтардың жетекшілері де бар.

Сонымен қатар шекара маңындағы аумақтарда, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында заңсыз кіріс алуға бағытталған қылмыстық схемалар анықталып, жолы кесілген.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Сайт Әкімшілігі