Live

Атырауда тұрғыннан 2,5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде 35 жастағы ер адамнан 2,5 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған Индер ауданының 35 жастағы тұрғынын ұстады.

Фото: полиция

Тінту барысында күдіктіден бопсалау кезінде алынған 2,2 млн теңге табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Сайт Әкімшілігі