Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі құрылатынын мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл – Қазақстан тарихындағы алғашқы жоғары консультативтік орган болмақ. Жаңа құрылым елдің этникалық, аймақтық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыруды көздейді.
Халық Кеңесіне заңнамалық бастама көтеру құқығы беріледі.
«Шын мәнінде, бұл – бірегей орган. Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.