Live

Трамп: АҚШ Тайвань үшін Қытаймен соғысқысы келмейді

Трамп АҚШ-тың Тайвань тәуелсіздігі үшін Қытаймен соғысқысы келмейтінін мәлімдеді.

Фото: gazeta.ru

Fox News арнасына берген сұхбатында америкалық президент Тайвань мәселесіне қатысты пікір білдіріп, Вашингтон біреулердің тәуелсіздік жариялауынан кейін мыңдаған шақырым асып барып соғыс жүргізуді қаламайтынын айтты.

«Біреудің тәуелсіздік жариялап, кейін бізге 9,5 мың миль асып барып соғысуға тура келгенін қаламаймын», — деді Трамп.

Ол қазіргі жағдай өзгермесе, Бейжің Тайваньға қатысты қандай да бір қадамға бармауы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар Трамп Тайваньға 12 миллиард долларлық америкалық қару жеткізу мәселесі әзірге тоқтатылғанын жеткізді.

«Бұл — Қытаймен келіссөздегі маңызды көзір. Әңгіме өте көп қару туралы болып отыр», — деді АҚШ президенті.

Сондай-ақ ол Қытай мен Тайваньды «сәл сабырға келуге» шақырды.

Пекин Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды. Ал АҚШ-тың аралға қару сатуы Вашингтон мен Бейжің арасындағы негізгі шиеленіс тақырыптарының бірі болып келеді.

Сайт Әкімшілігі