Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындарына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.