Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты.
Мемлекет басшысы Президент саябағында жастар және экобелсенділермен бірге ағаш отырғызды.
Экологиялық акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғауға қоғамның назарын аударып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру.
Президент саябақтағы көгалдандыру жұмыстарына қатысып, жастармен және экобелсенділермен пікір алмасты.