Тараздағы ХҚКО-да ер адам қайтыс болды
Тараздағы Халыққа қызмет көрсету орталығына келген ер адамның денсаулығы кенеттен нашарлап, қайтыс болды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, К. А. есімді азамат ХҚКО-ға шамамен сағат 08:30-да келген. Арада он минуттай уақыт өткенде, өзіне-өзі қызмет көрсету секторында отырған кезінде ер адамның жағдайы күрт нашарлаған.
Қызметкерлер бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер ер адамның өмірін сақтап қала алмады. Мемлекеттік корпорация оқиға кезінде ғимаратта келушілер саны көп болмағанын және ішкі температура белгіленген талаптарға сәйкес келгенін хабарлады. Қазір оқиғаның нақты мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.