Қайрат Боранбаев Қарағандыда 42,5 млрд теңгеге фармацевтикалық зауыт салмақ
Қазақстан үкіметі Қарағанды облысында фармацевтикалық зауыт салу жобасын қолдады.
Жобаның жалпы құны – 42,5 млрд теңге. Құжатқа сәйкес, инвестициялық келісімге Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС қол қойған. Оны премьер-министр Олжас Бектенов бекітті.
Жоба аясында фармацевтикалық өндіріс қуаттарын салу және жаңғырту жоспарланып отыр.
Компания құрылымы бойынша, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-нің құрылтайшысы – «НеоТекФарс» компаниясы. Ал оның иелері қатарында төрт жеке тұлға бар: бизнесмен Қайрат Боранбаев, Дарья Дементьева, Павел Милейко және Георгий Столяров-Реус.
Жоба фармацевтика саласындағы өндірісті дамыту және импортқа тәуелділікті азайту мақсатында жүзеге асырылмақ.